wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті жұма күні Өскемен қаласында «Халифа Алтай» қайырымдылық мекемесі ашылды. Аталған мекемені ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйтқы болуымен «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы қари Ербол Құдабаев іске асырды.

Қайырымдылық мекемесінің ашылуына ҚМДБ Шариғат және патуа бөлімінің басшысы Сансызбай қажы Құрбанұлы, Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы, Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов және имамдар, Халифа Алтайдың ұрпағы, шәкірттер, жамағаттар қатысты.

Шарада Сансызбай қажы Құрбанұлы бата жасап, ақ тілегін білдіріп, сөз сйөледі.

Сонымен қатар Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы К.Тұрдыбаев сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің сәлемін жетікізді. К. Тұрдыбаев: «ҚМДБ қазіргі таңда қайырымдылық мекемесін әр өңірден көбірек ашып, сауапты істермен айналысуда. Мешіттер жанынан қайырымдылық мекемесін салып, білім игерушілерге жағдай жасау-бұл ардақты пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған мирас. Мұндағы негізгі мақсат оқу, білім игерем деген өрендерге мүмкіндік жасау. Бұл елімізде ашылған 10 шы қайырымдылық мекемесі» деп айырықша атап өтті.

Жиында Халифа Алтайдың ұлы А. Алтай сөз сөйлеп, дін ғұламасының атымен аталған осы мекеменің ашылуына қуанышты екендігін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Ашылу рәсімінде белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев арнайы қатысып, жырмен тілек арнады.

Әжелер шашу шашып, ақ бата айтылды. Осылаша Төр Алтайда қайырымдылық мекемесі есігін айқара ашты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk