wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы таратылды. Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин рухани тұғырнама жайлы өкілдіктен даярланған роликті жамағатқа көрсетіп, соңынан халыққа кітапша түрінде үлестірілді.

Бұл туралы бірінші наиб имам: «Рухани тұғырнама 2000 дана таратылды. Алдағы уақытта өңірлік имамдар форумын өткізіп, қала, ауыл, аудандарда осы тақырыпта кездесулер, жиындар өткізіп, барынша насихаттайтын боламыз. Себебі қазіргі таңда жеке адамның рухани құндылығын арттыруда аталған тұғырнаманы насихаттаудың маңызы айырықша» деп атап өтті.

Өңірде «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау туралы арнаулы жоспар құрылып, іске аса бастады. Рухани тұғырнамадағы ізгі қасиеттер халықтың да көңілінен шығып, бүгінгі қоғамның өзекті құндылықтары деп бағаланып отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk