wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Республикалық III имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын облыстық БАҚ өкілдеріне таныстырды. Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінде өткен жиынға республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Дидар» газеті және бірқатар басылымдардың журналистері қатысты.

Бас имам: «Республикалық III имамдар форумында рухани қазық атты рухани тұғырнама қабылдануы ірі тарихи оқиға болды. Исламдағы басты құндылық имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық және мәдениеттілік, әділдік қатарлы негізі қасиеттер тұлғаның негізігі жеті рухани қазығы ретінде топтастырылды. Әр мұсылманнның рухани кемелденуі ол тұтас ұлттық кемелдігі мен мемлекеттің беріктігіне алып келеді. Сондықтан тұлғаныны дамыту, адам жетілдірудің маңызы айырықша» деп атап өтіп, рухани тұғырнама және форумда қабылданған басқа да құжаттарға тоқталды.

Ермек Қасболатұлы жиында форумда қабылданған «Діни қызметкерлер атқаратын діни рәсімдер тізілімін» және «Діни лауазымдар тізіміне» кең тоқталып, баяндап өтті. Бұл құжаттар өз кезегінде діни рәсімдердің жүйеленуіне және қоғамда имамдардың беделінің артуына ерекше ықпал ететін маңызға ие екендігін жеткізді.

Жиында бас имам сонымен қатар жаурналистерге жаңадан шыққан ҚМДБ-ның төл басылымы «MUNARA» газетін таныстырды.

Басқосуға қатысқан БАҚ өкілдері бас имамға форум туралы және қабылданған құжатттар жайлы сауалдар қойып, өзекті тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk