wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы Республикалық III имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын жұма намазына жиналған жамағатқа таныстырды.

Өкіл имам: «Республикалық имамдар форумы бірқатар тарихи маңызы бар құжаттарды қабылдады. Соның бірі жеті рухани қазық атты рухани тұғырнама. Исламдағы басты құндылық имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық және мәдениеттілік, әділдік қатарлы негізі қасиеттер болып саналады. Еліміз мұсылмандары осы ұстанымдарды ұстана білуіміз қажет» деп атап өтіп, рухани тұғырнама және форумда қабылданған басқа да құжаттарға тоқталды.

Ермек Қасболатұлы сонымен қатар ҚМДБ-ның төл басылымы «MUNARA» газетін таныстырып, жамағатты жаңа басылымға жазылуға үндеді. Жұмаға жиналған жамағатқа «MUNARA» газеті таратылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk