wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақсатан облысы Зайсан аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудандық мешітте «Ақсақалдар-ел бірлігінің ұйтқысы» атты шара болып өтті. Басқосуға ауданға беделді, қоғамға еңбегі сіңген ақсақалдар қатысты.

Жиында Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов: «Халқымызда қарты бар елдің қазынасы бар деген аталы сөз бар. Ақсақалдарымыз әрқашанда бірлікпен берекенің ұйтқысы болып келген. Сіздердің саналы істеріңіз бүгінгі ұрпаққа үлгі» дей келе жиынның маңызына тоқталды.

Іс-шарада ақсақалдар да өз ой пікірлерін ортаға салды. Аудандағы діни ахуал, жастар тәрбиесі, мешіт қызметі, жаңа мешіт құрлысы, зират мәселесіне қатысты бірқатар тың ойлар айтылды.

Ауданның бас имамы Т.Елеуов жиынды түйіндеп, ұсыныс-пікірлерді жұмыс барысында ескеретіндігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk