wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыста тағы бір құлшылық ордасы бой көтерді. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қазақстан ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл күн ауыл тұрғындарың көптен күткен игі сәті еді. Рухани орданың ашылуына ауыл халқы, ауданның абыз ақсақалдары, ауыл басшылығы, имамдар қатысты.

Салтанатты іс-шарада Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов құттықтау сөз сөйледі. «Бүгін асқақ Тарбағатай төсінде жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Халқымыз үшін бұл үлкен қуаныш. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Ауылдың рухани ордасына айналсын» деп, жаңа мешіттің лентасын қиды. Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды.

Қазақстан ауылында ашылған бұл мешітте халықтың Аллаға бас ұрып, құлшылық жасауына барлық жағдай қарастырылған. Мешітті ашу рәсімінде әуелеп ақ шашу шашылып, ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.

Ауыл халқы мешіт тойын аса бір қуанышпен мерекеледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk