wrapper

Соңғы жазбалар

«Мешіт және дін қызметкерлері» апталығынң аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Сметов Сапарбек осы ауданға қарасты бірқатар білім ордаларында болып, жас ұрпаққа тәрбиелі тағылымды уағыз айтты.

Кездесулерде аудан имамы: «Асыл дінімізде білім алудың сауабы туралы тағылымдар өте көп. Жастар білімге құштар болу керек. Білім алған адамның көкжиегі кеңейіп, таным-түсінігі артады. Елімізді дамытудың бірден бір жолы жастардың сапалы білім алуында» дей келе, нақты мысалдарға тоқталды.

Кездесуде оқушылар дін туралы өздерінің қызықтаған сауалдарын қойып, лайықты жауабын алды.

Кездесуге мектеп оқушылары мен ұстаздары ынталы қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk