wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті әйел-қыздар шәкірттерді қатысырып, «Әйелдің отбасындағы орны» атты тақырыпта кездесу болып өткізді.

Іс-шараны «Ұранхай қажы» мешітінің ұстазы жүргізіп, осы тақырыпта кең көлемде тағылымды насихат айтты. «Әйел адам қашанда отбасынң тірегі. Берекеттің ұйтқысы. Бала тәрбиесінде ананың ролі айырықша» дей отырып, нақты мысалдар келтірді.

Жиынға қатысушылар отбасы тәрбиесіндегі ананың ролі туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар аудандық мешіттен әйел-қыздар шәкірттерінің арасында өткізілетін шаралар туралы да пікір алмасу болды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk