wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының мәдениет үйінде «Жас зияткер имам» атты сайыс болып өтті. Шара Жастар жылының аясында жас имамдардың біліктілігін насихаттау мақсатында жүрілді.

Шараны Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешіті ұйымдастырды. Жарысқа өңірден 3 команда қатысып, діни ілім, Құраннан білімдерін сарапқа салды. Имамдардың білім сайысына білікті діни мамандар қазылық жасады. Сайыс аса тартысты, қызықты болып өтті. Ілім сайысын тамашалаушылар мәдениет үйіне лық толды.

Қарсыластарынан оза шауып, мәреге бұрын жеткен Тарбағатай ауданының «Байжігіт баба» мешітінің командасы 1-орын иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жүлдегерлерді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы марапаттады. «Білім сайысы аса қызықты болып өтті. Қазылар алқасы әділ бағасын берді. Бұл сайыс имамдардың біліктілігін жетілдіруге және халықпен тығыз байланыста қызмет жасауына өз ықпалын береді» деп атап өтті, өкіл имам өз сөзінде.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk