wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша «Мешіт және дін қызметкерлері апталығын» жарияланды.

Бұл игі бастама туралы: «Шара аясында мешіттерде Құран хатым өткізу, жамағатты қамтыған іс-шаралар ұйымдастыру, мешіт жанашырларын марапаттау, ауруханаларды зиярат ету қатарлы игілікті шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ең бастысы мешіт қызметі халыққа насихатталады» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.

Өңір бойынша апталық аясындағы шаралар басталып та кетті. Өкілдіктің қызметкерлері Өскемен қалалық мешіттерін аралап, хал-жағдайымен танысып, имамдармен пікірлесті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk