wrapper

Соңғы жазбалар

«Мешіт және дін қызметкерлері» апталығының аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен Глубокое ауданы Белоусовка кентінде орналасқан «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған» мекемесіне қайырымдылық жасалды.

«Біз облыстық мешіттен осы мекемеге азық-түліктің көмегін жасап отырмыз. Өкілдік тарапынан осындай әлеуметтік мекемелерге үнемі көмек көрсетіп келеміз. Бұл іс қоғамды ізгілікке шақыру, жамағатты қайырымдылыққа үндеу болып табылады. Игілікті іс алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отыратын болады» дейді, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Досжан Үмбет.

Қайырымдылық көмегін қабылдап алған мекеме қызметкерлері осынау игі іске шынайы ниетпен алыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk