wrapper

Соңғы жазбалар

Халықаралық «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағында «Қарттарға құрмет» акциясы жариялаған еді. Шара аясында Өскемен қаласы мен өкілдікке қарасты аудандарда қарияларға құрмет көрсетілді. Мешіт қызметкерлері қарттардың үйіне арнайы барып, хал сұрап, сыйлықтар табыс етіп қайтты. Сонымен бірге «Хоспис» және «Қарттар үйі» мекемесіндегі қарттарға қайырымдылық шарасы жасалды.

Акцияның түйіні ретінде ақсақалды қарттар мен ақ жаулықты аналарға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде арнайы ас беріліп, құрмет көрсетілді.

Іс-шарада ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөйлеген сөзінде: «Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақ біздің басты парызымыз. Қарияларымыздың үлгісі мен өнегесі тәлім-тәрбиенің бастауы деп білеміз. Дінімізде және ұлтымыздың дәстүрінде қарияларға құрмет етудің озық тағылымдары көрсетілген» деп ерекше атап өтті. Жиында ел ағасы қарттарға шапан жапты.

Сонымен қатар қариялар сөз алып, облыстық мешіттен жасалып жатқан шаралар туралы айа келе жастар тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау туралы ой пікірлерін ортаға салды. Қариялар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, бата берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk