wrapper

Соңғы жазбалар

×

Назар аударыңыз

The was a problem converting the source image.
There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: media/k2/galleries/2148

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Байжігіт баба» мешіті ірге тасының қалануына 20 жыл толуына арналған салтанатты мереке қасиетті жұма күні Ақжар ауылында болып өтті.

Мерейлі мерекеге ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы, аудан, қала имамдары, ауыл тұрғындары, қариялар қатысты.

Мерекелік жиында «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов баяндама жасап, аталған мешіттің 20 жылда атқарған салауатты істеріне тоқталды.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек Қасболатұлы ауыл халқын мерейлі мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Өкіл имам: «Ақжар өңірі ежелден дініміздің берекеті нық орныққан, салт-дәстүрді ардақтаған ел. Бұл өңірде бұрын мешіттермен медреселердің көп болуы халықтың дінге деген ықыласының куәсі» дей келе, жамағатты мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар мешітке жан-жақты қолдау білдіріп келе жатқан азаматтарға өкілдіктен «Алғыс хат» табыс етті.

Мерекеге жиналған қариялармен әжелер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, мешіт қызметіне табыс тіледі.

Мешіт тойында спорттық сайыстар жүріліп, халыққа ақ дастархан жайылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Image Gallery

{gallery}2148{/gallery}

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk