wrapper

Соңғы жазбалар

Ресей Федерациясының Алтай Республикасы Таулы Алтай қаласында волейбол, футболдан халықаралық кубок үшінгі турнир ұйымдастырылды.

Дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия қатарлы мемлекеттердің спортшылары қатысып, бақ сынады.

Спорттық бәсеке туралы: «Бұл халықаралық шара 2017-жылы Өскемен қаласында өкілдіктің бастамасына өмірге келген болатын. Биыл бұл сайысты Алтай Республикасының мүфтияты өткізіп отыр. Дүбірлі додаға қатысудағы мақсатымыз жастар жылында жастарды салауатты өмір салтына баулу, әр мемлекеттегі жамағаттың ынтымағын арттыру, береке-бірлікті насихаттауға ьағытталып отыр» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы, өскемендік командағы бастап келген Дәулет Қабидолдин.

Жарысқа аталған мемлекеттерден барылығы 30 команда қатысып, футболмен волейболдан сынға түсті. Ойындар аса тарттысты өтіп, көрермен қарасы да мол болды.

Додаға қатысқан әр мемлекеттік спортшылары шебер дайындықпен келіп, ойынның үздік үлгісін көрсетіп бір-біріне нағыз қарсылас бола білді. Екі күн бойы Таулы Алтай қаласын қиқуға бөлеген бәсекенің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы «Халифа Алтай» мешітінің командасы волейболдан 1-орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марпатты тапсырған Ресей Алтай Ресубликасынң Бас мүфтиі Жанболат қажы Оқтаубаев игі шараның тартысты, әрі әділ өткендігін жеткізіп, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk