wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Абай атындағы лицейдің бір топ оқушылары «Халифа Алтай» мешітінде жақында ғана ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты. Алыстан арнайы келген оқушыларды «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Досжан Үмбет қарсы алып, мұражайды аралатты.

Д.Үмбет әр жәдігерді оқушыларға толық түсіндіріп, бұл мұражайда Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлерге толы екендігін жеткізді.

Мұражайды аралаған оқушылар ерекше әсер алды. Әсіресе Құранның және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасы оқушылардың қызығушылығын туғызды.

Осылайша «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы діни- ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналып, жастардың рухани тағылым алуына мол әсерін тигізіп отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk