wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті өңірдің «Зекет» қорымен бірлесіп қайырымдылық көмегін ұйымдастырды.

Шараға аудан орталығында тұратын тұрмысы төмен отбасылар қамтылып, оларға азық-түлік таратылды.

«Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов: «Қайырымдылық шарасына барынша маңыз беріп отырмыз. Бұл бағытта мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, тұрмысы төмен отбасылардың тізімін анықтап, оларды әркез қайырымдылық шарасына қамтып келеміз. Қайырымдылық жасау туралы халыққа да насихат жұмыстарын жүргізіп отырамыз» деп атап өтті.

Қайырымдылық іс-шарасына өңірдің «Зекет» қорының өкілі Аманбол Қуатұлы қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk