wrapper

Соңғы жазбалар

Өңірде ЖАНТ аясында білім ордаларында кездесулер ұйымдастырылуда. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешітінің наиб имамы Кенжебек Ахметкалиев Ж.Шайжүнісов атындағы Көкпекті орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу жасады. Жиынға оқушылармен қатар ұстаздар да қатысып, тағылымды әңгіме тыңдады.

Ауданның наиб имамы жиында оқушыларға өз өзіне қол жұмсаудың зардабы мен зияны, алдын алу жолдары туралы насихат айтып берді.

К.Ахметкалиев: «Әр адам қиындықты жеңе білу керек. Өмірге құштар болу керек. Ұлы Жаратушы Алла Тағала адамдарды өмір сүруге жаратқан. Өмірде әр адамның орны бар» дей келе, исламнан нақты мысалдармен уағыз айтты. Наиб имам кездесуде оқушылармен мұғалімдердің сауалдарына жауцап берді.

Мектеп басшылығы наиб имамға тұщымды әңгімесі үшін алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk