wrapper

Соңғы жазбалар

Өкілдіктен берілген тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы «Байжігіт баба» мешітінде ауылдық мешітке қарасты имам-молдалардың кезекті жиналысы ұйымдастырылды.

Жиналыста «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов өкілдіктің ЖАНТ-ға қатысты тапсырмасын таныстырып, алдағы 3 айда атқарылатын шараларды нақтылады. Аудан имамы қысқы дайындық мәселесін пысықтап, ауыл молдаларына арнаулы тапсырмалар берді.

Сонымен қатар халықтың сауалдарына жауап беру, «Ел үлесі-пәтерге» жобасын таныстыру, «Иман» журналына жазылу сынды бірқатар істерді жүзеге асыруды тапсырды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk