wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Марқакөл» ауылдық мешіті «Мектепке жол» акциясының аясында 20 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдық табыс етті.

Қайырымдылық акциясына ауылда тұратын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың балалары қамтылды.

«Марқакөл» ауылдық мешітінде өткен іс-шарада ауыл имамы: «Қайырымдылық қайырлы іс деген тағылымды сөз бар. Біз ауылдық мешіттен тұрмысы төмен отбасыларды қолдап, осы шараны әдейі өткізіп отырмыз. Асыл дініміз ғылым игеруге аса мән берген» деп айырықша атап өтіп, балаларға оқу-құралын табыс етті.

Ата-аналар қауымы да осынау ізгі көмекке шын алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk