wrapper

Соңғы жазбалар

ЖАНТ кездесулерінің аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Аслан Абаков Өскемен қалалық «Защита» мешітінде болып жамағатпен кездесу жасады.

Кездесуге жиналғандарға ол жат ағымдар дан сақтану жайлы салиқалы насихат айтты.

«Жат ағымдардан сақтаун аса маңызды. Әсіресе жастардың кері ағымдар жетегінде кетуіне тосқауыл қойып, оларға дінімізбен үйлескен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауымыз керек» дей келе, исламнан нақты мысалдар келтіре отырып, насихат айтты.

Кездесуде жамағаттар наиб имамға әртүріл сұрақтар қойып, лайықты жауап алды.

Тұщымды насихаты үшін жамағаттар наиб имамға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk