wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы бойынша «Зекет» қорының қызметкері Аманбол Қуатұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде ауданының жамағаттарымен кездесті.

Кездесуге жиналғандарға ол зекетттің маңызынан сындарлы уағыз айтты. Аманбол Қуатұлы: «Зекет-Алла Тағаланың мұсылмандарға міндеттеген парызы, Ислам дінінің басты тірегінің бірі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп бұйырған. Сондықтан әр адам нисап мөлшері жеткен жағдай зекет беру керек» дей келе, зекеттің шарты мен мөлшері жайлы кең көлемде мағлұмат беріп өтті.

Жиында жамағаттар зекет өкіліне да өздері байыбына бара алмай жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk