wrapper

Соңғы жазбалар

Дәстүрлі «Мектеп жол» акциясы Өскемен аймағы өкілдігінің арнаулы тапсырмасымен өңірдің барлық мешіттерінде сәтті жүзеге асты.

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы мешітінде көпбалалы отбасылардың балаларына оқуға қажетті құралдарды тапсыру шарасы болып өтті. «Мектепке жол» акциясының аясында 15 оқушыға оқу құралдармен мектеп сөмкесі табыс етілді.

Көкпекті аудандық мешітінің бас имамы Нұрнәсір Дүйсенұлы ата-аналармен оқушылар алдында сөз сөйлеп, маңызды акцияны жыл сайын кең көлемде атап өтіп келе жатқандығын айта келе: «Аудандық мешіттен биыл оннан астам оқушыға мектепке қажетті құралдарды ұсынып отырмыз. Бұл шара ауданға қарасты ауылдарда да жүріліп жатыр» деп атап өтті.

Аудан имамы сонымен қатар өз сөзінде қайырымдылыққа барынша маңыз беріп, аудан мешітінен тұрмысы төмен отбасыларды қолдау жүйелі түрде жүріліп келе жатқандығына тоқталды.

Іс-шараға келген ата-аналар ізгі көмекті ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk