wrapper

Соңғы жазбалар

ЖАНТ жоспарлы кездесудерінің аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Досжан Үмбет Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Бұқтырма ауылдық мешітінде болып, ауыл жамағаттарымен кездесті.

Наиб имам жамағатқа ғылымның пайдасынан салиқалы уағыз айтты. «Дінімізде ғылым игеруге аса мән берілген. Бұл турасында көптеген хадистер бар. Ислам ғылым игеруді уағыздайды, білім іздеушіге Алла Тағала сансыз сауаптар жазатындығы жайлы қасиетті Құранда айтылған» дей келе, білімнің маңызына тоқталды.

Кездесуде жамағаттар да сауалдарын қойып, дәйекті жауап алды

Өңірде жоспарланған ЖАНТ кездесулері аудан, қалаларда жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk