wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Д.Қонаев» мешіті қала бойынша 120 оқушыға оқу-құралдарын табыс етті. Шара дәстүрлі «Мектепке жол» акциясының аясында ұйымдастырылды.

Риддер қалалық «Д.Қонаев» мешітінде өткен оқу-құралды тапсыру шарасында бас имам Нұрислам Жақсымбет ата-аналар алдында сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, қайырымдылық шарасы туралы айтып өтті.

Ол: «Асыл дініміз Ислам қайырымдылықты уағыздайды. Біз бір-бірімізге бауыр болып, қиналғанға жәрдем беріп, әркез көмек көрсетуіміз керек. Қалалық мешіттен қайырымдылық көмегін жүйелі түрде ұйымдастырып келеміз» деп атап өтті.

Жиналған ата-аналар қауымы қалалық мешітке шынайы ниетпен ықыластарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk