wrapper

Риддер қалалық әкімдігінің мәжіліс залында қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық «Д.Қонаев» мешіттің ұйымдастыруымен қазіргі діни ахуал жайында дөңгелек үстел шарасы болып өтті.

Аталмыш іс-шараға қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшылығымен қаладағы діни бірлестіктер жетекшілері, ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

Жиында қазіргі таңағы қала бойынш діни ахуал жан жақты сөз болды.

Дөңгелек үстел шарасында Риддер қалалық «Д.Қонаев» мешітінің бас имамы Нұрислам Жақсымбет баяндама жасап, қала мешітінен жат ағымдардан сақтану бағытында атқарылып отырған шаралар туралы баяндады.

Шара барысында сөз алған, дөңгелек үстелге қатысушылар жастар тәрбиесі және ислам құндылықтары қатарлы келелі мәселелерді қозғады.

Сонымен қатар жиында қалалық мешіттің осы бағыттағы атқарып отырған шараларына жоғары баға берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk