wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы осы ауданда орналасқан әскери бөлімде болды. ЖАНТ кездесулерінің аясында аудан имамы жас сарбаздармен кездесіп, жат ағымдардан сақтану және отаншылдық тақырыбында ғибратты насихат айтты.

И.Еркінбайұлы сарбаздарға отан қорғаудың ата-бабадан жалғасқан абыройлы міндет екендігін жеткізе отырып, асыл дініміз исламда айтылған ел тыныштығын күзетудің абзалдығы хақындағы хадистерден мысалдар келтірді.

Аудан имамы өз сөзінде: «Отан біздің өз үйіміз. Елімізде тыныштық болса ғана баянды бақытты өмір болады. Отан қорғау барлығымыздың міндетіміз» дей келе, ұлтымыздың қаһармандарының ерліктерінен әңгімеледі.

Жиында аудан имамы қойылған сауалдарға жауап беріп, жат ағымдардың зардабы туралы да айтып өтті.

Әскери бөлім басшылығы аудан имамына ризашылық білдіріп, насихаттық шараларды бірлесе атқара беретіндігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk