wrapper

Соңғы жазбалар

Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мэттьюс Кийтумеци Тандека ханым Шығыс Қазақстан облысына жасаған танысу сапары барысында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Құрметті қонақты бірінші наиб имам Дәулет Қабидолдин қарсы алды. 

Елші ханым өз мұсылман болғандықтан ғажайып табиғаты бар шығыс өлкеге келген сапарында мешітті тамашалап, тағзым етуге келгендігін жеткізді. Емен—жарқын әңгіме барысында Елші Мэттьюс Кийтумеци Тандека ханым Өскемендегі осы әсем мешіт туралы және қазақ халқының салт-дәстүрі жайында бірінші наиб имамға сұрақтарын қойып, рухани әңгіме өрбітті.

Бірінші наиб имам мәртебелі мейманға «Халифа Алтай» мешітін таныстыра келе: «Ислам діні халықтар арасындағы достықты, бейбітшілікті уағыздайды. Еліміздегі ұйыған тыныштық пен діндер арасындағы татулық, ислам құндылықтарының орнығуы мемлекет саясатының жемісі» деп, Қазақстандағы бейбітшіліктің маңызы туралы айтып өтті. Ол сонымен қатар Елшіге ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын тарту етті.

Елші ханым исламға деген құрметін білдіріп, бүгінгі күні осынау ғажайып мешітте болғандығына қуанышты екендігін жеткізді. Және қонақжай шығысқазақстандықтарға шын ниетпен алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk