wrapper

Соңғы жазбалар

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлын марапаттады. Шара қалалық әкімдікте болып, әкімшіліктің қызметкерлері қатысты

 Шаһар басшысы: «Өкіл имамның бірқатар тың бастамалары бүгінде тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Әсіресе қайырымдылық бағытында көптеген салауатты істер атқарғандығын айта кетуіміз керек. Өткенде қатты аязда тегін таксилер шығарып, тұрғындарды ақысыз тасымалдау шарасын ұйымдастырды. Сондықтан қала халқының атынан алғыс білдіремін» дей келе, өкіл имамға марапат ұсынды.

Өз кезегінде Ермек қажы Тасболатұлы халыққа қызмет ету-Хақ үшінгі қызмет екендігін айта отырып, асыл дініміздің құндылықтарын халықтың жүрегіне жеткізу үшін осындай тың шаралар ұйымдастырылып отырғандығын жеткізе келе, өкілдіктің бастамасына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан қала басшысына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk