wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның шет мемлекеттер мүфтиятымен өзара қарым-қатынасты нығайту жұмысының шеңберінде Өскемен аймағының өкілдігі Ресей, Моңғолия мемлекеттеріндегі мешіттермен байланыс орнатып, халықаралық бірқатар спорттық-рухани шаралар ұйымдастырды. Осы шаралардың жалғасы ретінде Моңғолия мемлекеті Мұсылман Ұйымдары одағының төраға орынбасары, наиб мүфти Дәулетбек қажы Құмарханұлы мырза Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Құрметті мейманды ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қарсы алып, мешітті аралатып, таныстырды.

Өкіл имамы кездесуде: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіретпен Моңғолия Мұсылмандарының Бас мүфтиі Батырбек қажы Қадысұлы хазіреттің кездесуінде көтерілген ынтымақтастық байланысты нығайту мақсатында құрметті Наиб мүфти мырза Өскеменге арнайы келіп отыр. Біз екі мемлекет мүфтияттарының арасындағы байланысты дамытып, Моңғолиядағы қандас бауырларымызды рухани сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігімізше қолдау көрсететін боламыз» деп атап өтіп, келелі мәселелерге тоқталды.

Наиб мүфти Дәулетбек қажы Құмарханұлы мырза: «Моңғолия мемлекетіндегі ат төбеліндей аз қазақтың арқа сүйрер тірегі ата жұртымыз Қазақстанның дамуы, елдің бейбітшілігі, ынтымағы және екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасы бізді әрдайым қуантады. Екі ел діни басқармаларның арасында байланыс жүйелі дамып келеді» деп атап өтіп, моңғолиялық қандастардың сәлемін жеткізді. Ол сонымен қатар өкіл имам Ермек қажы Қасболатұлына Мұсылман Ұйымдары одағының «Алғыс хатын» табыс етті.

Кездесу барысында Моңғолия мешіттерін оқулық, діни кітаптармен қанымдау, діни мамандар даярлап беру, бірлескен рухани шаралар ұйымдастыру қатарлы мәселелер сөз болды.

Өкіл имам наиб мүфтиге ҚМДБ-дан басылып шыққан кітаптар табыс етті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk