wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жүрілген «Иман әліппесі» атты жазғы сауат ашу курсы аяқталды. Жеткіншек шәкірттер ай бойы алған білімдерін саралап, сынақ тапсырды. Шәкірттерді марапаттау шарасы облыстық мешітте өтіп, оған имамдар, шәкірттер, ұстаздармен ата-аналар қатысты.

«Шәкірттерді алғашқы күннен бастап оқуға аса ынталы, белсенді болды. Ата-аналары оларды оқудан қалтырған жоқ. Мешіт тарапынан оларға барлық жағдай жасадық. Міне, білімдерінен сынақ алып, жақсы баға алған шәкірттерді жылдағы дәстүр бойынша марапаттап отырмыз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері.

Үздік оқып, сынақты жоғары балмен тапсырған шәкірттерге сыйлықтар тапсырылды. Ең үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер велосипедпен, басқалары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық шәкірттерге үздік оқығаны үшін марапат берілді.

Ата-аналар қауымы бір ай бойы балаларына сапалы білім беріп, имандылық нәрін сепкен мешіт ұстаздарына ақ алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk