wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті жанынан құрылған «Шығыс кәусары» ерікті жастары бірлестігі Өсемен қаласындағы «Балалар ауылында» тәрбиеленіп жатқан балаларды қатыстырып, «Мейірім» кешенді -акциясын ұйымдастырды. Іс-шара «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті.

Акция барысында балалар «Халифа Алтай» мешітін аралап, кітапхана, оқу бөлмелері, намаз залымен және «Мұражай бұрышымен» танысты.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы балалардың алдында сөз сөйлеп, мешіттің рухани орталық екендігін жеткізе отырып, адамгершілік құндылықтардан тағылым айтты.

Бұдан соң балалар ақ дастархан басында ас ішіп, мешіт ұстаздары түрлі ойындар ойнатты. Облыстық мешіт атынан балаларға сыйлықтар таратылды.

«Балалар үйінің» ұстаздары: «Халқымызда жетім көрсең жебей жүр» деген қанатты сөз бар. Ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларға мейірімділік танытып, осы шараны ұйымдастырып отырған мешіттің осындай игі сауапты ісі көпке үлгі. Балалар мешітпен танысып, рухани әсер алды» дей келе, облыстық мешітке алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk