wrapper

Соңғы жазбалар

       ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты ауыл және аудандық, қалалық мешіт имамдарының кезекті жиналысы Шығыс Қазақтан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Басқосуда имам-молдаларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің тапсырмасы таныстырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы: «Имамдар халықпен етене араласып, ел ішінде қызмет жасайтындықтан барлық жағынан имам деген атқа сай болу керек. Дініміздің ғибратын насихаттау үшін діни қызметкерлер халыққа өнегенің озық үлгісін көрсетуі керек» деп, «Имамның тұлғалық келбетіне» қатысты талаптарға тоқталды.

Жиналыста имамдар діни рәсімдерге қатысты өз пікір-ұсыныстарын айтты.

Жиында сонымен қатар жарты жылда өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланып, алдағы атқарылатын іс-шаралар жоспары қаралып, имамдарға нақты міндеттер жүктелді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk