wrapper

Соңғы жазбалар

       ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Ораза айт мерекесі қарсаңында өңірдің журналистеріне дастархан жайып, құрмет көрсетті. Шараға облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Азамат Қасым бастаған журналистер қауымы шақырылды.

Дастархан басында емен-жарқын әңгіме өрбіп, құнды ой-пікір, ұсыныстар айтылып, ислам тарихынан әңгіме шертілді.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігінің халық игілігі үшін атқарып жатқан әр бағыттағы іс-шараларын ақпарат құралдары арқылы халыққа үздіксіз насихаттап келе жатқан Сіздердің еселі еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін» дей келе, журналистерге өкілдіктің «Алғыс хатын» және кітаптар тарту етті.

Басқосуда облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев сөз алып, өкілдіктің барлық шараларын қолдап, бірлесе тығыз байланыста жұмыс атқарып отырғандығын айта келе, алғыс білдіріп, өкілдіктің қызметіне сәттілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызмет


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk