wrapper

Соңғы жазбалар

      Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті және «Зекет» қоры Өскемен қаласы «Ертіс концерт» сарайында «Берекелі Рамазан» атты қайырымдылық концертін өткізді. Аталған іс-шара тұрмысы төмен ауру балаларды қолдауға арналды. Концертке шығысқазақстандық өнер жұлдыздары түгелдей қатысты. Шараны ұйымдастыруға мешіт қызметкерлері өз үлестерін қосты.

Сахнаға шығып сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шарасын өткізіп отырмыз. Бұл іске тамшыдай болса да қосқан үлестеріңізге Алла сауаптан жазсын» дей келе, концерттен түскен қаржыны ауру балаларға табыс етті. Сонымен қатар ол көрермендерге және өз өнерлерімен сауапты іс жасаған өнерпаздарға алғысын білдірді.

Көмекке ие болған балалардың ата-анасы осындай игі шара ұйымдастырып, баласының сырқатына аз болса да көмек жасаған Халифа Алтай» мешітіне және «Зекет» қорына алғыстарын білдірді.

Жиналған көрермен қауым да өздерінің осындай шарапатты да сауапты іске ат салысқандарын шынайы сезініп, риза болып тарқасты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk