wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің өтінішімен Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Б.Рамазанның «Шырмауық» драмасын көпшілікке қайталап ұсынды. Қойылым ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Рамазан сыйы» акциясының аясында халыққа тегін көрсетілді.

Бұл пьессада қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың біріне айналған жат ағымдар туралы баяндалады. «Біз облыстық драма театрмен келісім жасап, тарихи және маңызды қойылымдарды діни қызметкерлерге де бірнеше мәрте тамашалаттық. Бүгінгі «Шырмауық» қойылымында жат ағымдардың зардабы жан-жақты ашылған.Өкілдік театрға арнайы ұсыныс етіп, әдейі Рамазан айында қайталап қойдырып отырмыз» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Даулет Қабидолдин.

Қойылым соңынан актерлерге облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk