wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қоры Ұлан ауданы Таврия мекеніндегі «Хоспис» мекемесіндегі қарттарға қайырымдылық көмегін ұйымдастырды. Бұл шара «Рамазан керуені» акциясының аясында жасалды.

Акция барасында имамдар тобы аталған мекемедегі қарттардың көңілін сұрап, жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесіп, қайырымдылығын көмегін тапсырып қайтты.

«Хоспис» мекемесінің басшылығы: «Облыстық мешіт әр кез мекемеге қарайласып, қол ұшын беріп тұрады. Бүгін міне, өте бір сауапты іске бастамашы болып отыр. Мешіт ұжымына осындағы қариялар да шексіз риза» деп шынайы алғысын білдірді.

«Қайырымдылық және ақпарат-насихаттық бағытындағы «Рамазан керуені» алдағы уақытта басқа да әлеуметтік мекемелермен аудандарға ұйымдастырылады» дейді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің шараға жауапты қызметкері.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk