wrapper

Соңғы жазбалар

    Қасиетті Рамазан айында Өскемен өңірінің «Зекет қоры» аудандық және қала мешіттерімен бірлесіп, өңір бойынша тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімін алып, көмекке мұқтаж отбасылардың хал ахуалымен танысып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатыр.

«Тұрмысы төмен отбасыларыға қасиетті көмек ретінде азық-түліктің қайырымдылығын жасап отырмыз. Бұл бағытта өңірдің «Зекет қоры» барлық мешіттермен бірлесіп жүйелі шаралар атқарып жатыр» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша қызметкері Аманбол Қуатұлы.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылықтарын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk