wrapper

Соңғы жазбалар

     Шығыс Қазақстан облысы «Көкпекті аудандық мешітінде» ауыл имам-молдалардың қасиетті Рамазан айына байланысты кезекті жиналысы болып өтті.

Басқосуда ауданның бас имамы Нұрнәсір Дүйсенұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің Рамазан айына қатысты тапсырмасын таныстырды. Жиын барысында аудан көлемінде оразада атқарылатын шараларды нақтыланды. Сонымен қатар әрбір мешітте жаалатын шаралар туралы имамдарға тапсырмалар берілді.

«Аудан көлемінде өкілдіктің бұйрығы бойынша халықтың сауалдарына жауап беру, «Ел үлесі-пәтерге» жобасын таныстыру ауызашарлар ұйымдастырып, қайырымдылық жасау біздің басты міндетіміз» деп атап өтті, аудан имамы. Аудандық мешітітң ауласы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүріліп, өткеніні жеткізіп, тазалық жұмыстарын барлық ауылдық мешіттерде жүргізуді тапсырды.

Ауызашарға арналып мешіт ауласына алты қанат үй тігіліп, оразаға әзірлік толық аяқталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk