wrapper

Соңғы жазбалар

        Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Ел үлесі-пәтерге» жобасы таныстырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин жобаны таныстырып: «Мұқтаждарға көмек көрсету мұсылман қауымның қасиетті борышы. Халқымыз ежелден мұқтаждарға көмектесіп, ел болып асар жасап келгендігі өздеріңізге мәлім. Діни басқарма ел көлемінде «Ел үлесі-пәтерге» атты бірегей жоба бастап отыр. Осы жобаның арқасында әр аймақтарда бірқатар отбасылар баспаналы болды. Бұл игі жұмысты шығыста жалғастырып, алдағы уақытта баспанаға зәру отбасыларға үй әпергелі отырмыз. Осы іске жамағат болып, барлық тұрғындар ат салысайық. Әрбір игі амалға берілер сауап та мол» деп атап

өтті.

Жұмаға жиналған жамағат қауым, бұл жобаға үлес қосатындықтарын білдірді. Аталған жобаны таныстыру өңірдің барлық мешіттерінде жалғасып жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk