wrapper

Соңғы жазбалар

     ҚМДБ-ның Өскемен аймағының қала, аудан имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Басқосуға өңірдің қала, аудан имамдары қатысты. Жиналыста Рамаза айына байланысты ҚМДБ-дан берілген тапсырмалар түсіндірілді.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имам Ермек Қасболатұлы Қасиетті Рамазанға қатысты Бас мүфтидің бұйрығын таныстырып: «Рамазан айына байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің арнаулы бұйрығы берілген. Осы тапсырмаларды бұлжытпай орындап, қасиетті Рамазан айын өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, өткізуіміз қажет. Халықтың сауалдарына жауап беріп, Рамазанның мейірімділігімен салауатын барлық халыққа жеткізуіміз керек» дей келе, атқарылар шараларды таныстырды. Өкіл имам «Зекет» қорына қатысты барлық тапысрмаларды орындау, зекеттің насихатын пәрменді жүргізуді тапсырды.

Жиында сонымен қатар ЖАНТ мәселесі, жастар ісіне байланысты шаралар, өңір имамдарының біліктілік сынағына әзірлік қатарлы мәселелер талқыланды. «Дала семинары» жобасын жалғастырып, ұйымдастыру және басқа да мәселелер бойынша аудан имамдарына нақты тапсырмалар берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk