wrapper

Соңғы жазбалар

      Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінде» мешіт қызметкерлерінің кезекті жиыны болып өтті. Басқосуда Рамазан айының жоспары талқыланып, алдағы мақсат-міндеттер белгіленді.

Жиналыста ауданның бас имамы Тимур Елеуов: «Қасиетті Рамазан айын жоғарғы деңгейде өткізу туралы ҚМДБ-ның және өкілдіктің тапсырмаларын орындау мақсатына біз барынша ыждаһаттылықпен жұмыс жасауымыз керек. Ең бастысы мешітке келген халыққа сапалы қызмет көрсетуден басталады» деп атап өтіп, аудан бойынша атқарылатын Рамазан айының жоспарын таныстырды.

Аудандық мешітте сонымен қатар «әйел-қыздар» бөлімі жамағатымен де кездесу өткізіліп, қайырымдылық жәрмеңкесін жасау қатарлы мәселелер талқыланды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk