wrapper

Соңғы жазбалар

       ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі жариялаған «Өз ағашыңды отырғыз» акциясының аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің айналасына ағаш егу шарасы ақсақалдардың қатысуымен болып өтті.

Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов және ақсақалдар мешіт ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Ауданның бас имамы Айдын Жортымов: «Мешіт ауласын абаттандырып, аудан орталығының әсемдігіне үлес қосып, мешіт маңын таза ұстау, безендіру аса маңызды» деді.

Алдағы уақытта жастардың қатысуымен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясын ауданда өз жалғасын табады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk