wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен қарттармен кездесу болып өтті. Жиынды Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов ашып, ақсақалдардың қоғамдағы рөлі, халықты ағымдардан сақтану мәселелері жайында баяндады.

Ауданның бас имамы Т.Елеуов өз сөзінде: «Жастар жылында байланысты ақсақалдарымыз жастар тәрбиесіне аса маңыз беру қажет. Қариялар ұлағатын жастарға көрсетуі керек. Қариялардан ұлағатты тәрбие алған жастар ертең иманды, адамгершілігі мол азаматтар болып қалыптасады» деді. Ол сонымен қатар рухани жаңғыру және «жастар жылы» аясында жүріліп жатқан шаралар туралы баяндады.

Басқосуда қариялар тарапынан жастарға салт-дәстүрді насихаттау мәселесіне байланысты құнды пікірлер айтылды. Сонымен қатар қариялар өңір көлемінде жүріліп жатқан рухани шараларға көңілдері толатындғын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk