wrapper

Соңғы жазбалар

            «Жастар жылының» аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Саябақтағы бір күн» атты іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Гуманитарлық колледжінің» «Исламтану» бөілімінде оқып жатқан студент жастары облыс орталығындағы этнографиялық саябақта қыдырып, ондағы жәдігерлерді тамашалап, өңір тарихымен танысты. Сонымен қатар олар облыс аумағындағы киелі жерлермен, табиғат дүниесі туралы да кең мағлұмат алды.

«Өлкеміздің тарихын тану, өткенді зерделеудің маңызы ерекше. Біз Елбасының Рухани жаңғыру бастамасының «Туған жер» бағдарламасының негізінде өткен тарихымызды тану мақсатында осы саябаққа келіп отырмыз. Осы игі іс жастардың өлкетану жайлы түсінігін кеңейтуге жол ашады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев.

Өңірде осындай жастарға арналған танымдық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk