wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабының негізінде «Рухани орындарға сапар» атты шығармашылық жобасын жариялаған болатын. Өскемен өңірінің 9-10 сынып оқушылары қатысқан бұл байқауға келіп түскен материалдарды тарихшы, журналистерден құралған қазылар алқасы мұқият сараптап, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша Өскемен қаласы №47 орта мектебінің оқушысы Армиянова Шұғыла, Күршім ауданы Н.Островский атындағы № 4 орта мектебінің оқушысы Ермекбай Бекарыс, Өскемен қаласы Абай атындағы №33 орта мектебі оқушысы Аманкелді Айман, Күршім ауданы Марқакөл ауылы №5 мектептің оқушысы Тұсаев Ақжан, Тарбағатай Ақсуат ауылы орта мектебінің оқушысы Арна Талғатқызы, Глубокое ауданы Белусовка ауылы №1 орта мектеп оқушылары Бейсенбекова Ақерке, Оралғазина Еркежандар топ жарып, жеңімпаз атанды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен жүлдегерлерді марапаттау шарасында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы Елбасымыздың рухани жаңғыру бастамасының аясында, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» еңбегінің негізінде оқушыларға ел мен жер тарихындағы маңызды киелі орындарды таныстыру мақсатында осы байқауды жариялағандығына тоқталып, «Жеңімпаз оқушылар өздерінің терең танымдық білімімен озып шығып, Ұлы даланың киелі орындарын аралау мүмкіндігіне ие болып отыр. «Жастар жылының» аясында осынау рухани сапар жобасын ұйымдастырып отырмыз» дей келе, жүлдегерлерге сапар жолдамасын табыс етті.

Жиында оқушылардың ата-аналары осынау байқаудың үлкен танымдық шара болғандығын атап, өкілдікке ақжарма алғыстарын білдірді.

Жүлдегер оқушылар тобын Күршім ауданы Марқакөл мектебінің ұстазы, білікті жас маман, тарихшы Назерке Тілеубаева бастап, Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан бағытына сапарға аттанды.

Жүлдегерлерге «Рухани сапардың» барлық шығындарына өкілдік тарапынан демушілік жасалды. Оқушылар 1 апта бойы киелі жерлерді аралап қайтады деп жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің

баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk