wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы орталығында «Шемонаиха аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен «Көктемнің басы-Көрісу» атты мерекелік шара өтті. Жиынға Шемонаиха ауданымен Риддер қаласының имамдары мен ақсақалдары жиналды.

Аудандық «Достық» үйінде көпті көрген көнекөз ақсақалдар бас қосып, бір-бірімен құшақтасып көрісіп, ақ тілек арнап еліміздің амандығымен ұлтымыздың ынтымағы үшін бата жасады. Наурыз мерекесіне арнап жайлыған ақ дастархан басында ақсақалдар мен ел ағалары ұлттық құндылықтар мен салт-санамыз жайлы салиқалы әңгіме өрбітті.

«Ұлыстың ұлы күнінде дәстүрлі тәрбиені жаңғырту, жастарға тағылымды өнеге көрсету, ұлттық құндылықтарды тантыу мақсатында осынау шараны жасап отырмыз. Қыстан аман-есен шыққан ағайындар бір-бірінен амандық сұрасу бұл ежелден келе жатқан салт» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы Шемонаиха ауданының бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы.

Осылайша «Наурыз күні кәрі-жас, құшақтасып көріскен» дегендей көктем шуағын сездірген тамаша мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk