wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық орталық мешіті» биылғы ұлыстың ұлы күніні айырықша салтанатпен тойлады. Мешіт ауласына алты қанат киіз үйі тігіп, үш күн бойы халыққа Наурыз көже таратты.

Ауданның бас имамы Тілейбек Соянұлы: «Ұлыстың ұлы күнін халқымыз асыға күтеді. Біз бұл мерекені дәстүрді ұлықтап, үлкеннен бата алып, ынтымақ пен бірлікті паш етіп, халықтық сипатта тойлап келеміз» деп атап өтіп, халық үшін ерекше шаралар ұйымдастырып отырғандығын жеткізді.

Жиналған халық арсында өрнек оюдан «Шебер оюшы», өрім өруден «Өрімші» қатарлы шеберлік сайыстарын өткізіп, топ жарғандар жүлделерге ие болды.

Сонымен қатар ересектер арасында «Кедергіден қарғу», «Тайынша көтеріп ұзаққа жүру», «Қой» көтеру, балалар арасында «Серкеш көтеру» қатарлы жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыс нәтижесі бойынша, балалар арасында «Серкеш көтеру» сайысынан Күршім №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрислам 82 рет серкешті көтеріп, жеңімпаз болды.

«Қой» көтеру бәсекесінде көп қатысушылардан қара үзіп, Е. Атамбаев 209 рет көтеріп, жеңімпаз атанып, қоймен сыйланды.

Ал көпшілікке аса қызықты болған «Тайынша көтеріп ұзаққа жүру» жарысында Қ.Шокін салмағы 150 келі тартатын тайынша арқасына көтеріп ең ұзақ жүгіріп, тайыншаға ие болды.

Аталмыш шараларға ауданның белді кәсіпкер азаматтары азаматтары демеушілік жасады. Аталған сайыстар халықтың көңілінен шығып, Әз Наурыздың айшығын аша түсті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk