wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ауласына тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде сүрінің исі аңқыған жеті дәннен құралған Наурыз көже халыққа үлестірілді. Ақсақалды қария елімізге тыныштық пен берекет, игілік тілеп, жамағатқа алақан жайып бата берді. Үлкен-кіші қауым ақ дастарханнан дәм татты.

Наурыз мейрамы тек тойлаумен ғана шектелмей, мерекеде Өскемен аймағына қарасты қала, аудандық, ауылдық мешіттерде «Жастар жылы» аясында ұлтымыздың тарихына қатысты танымдық шаралар ұйымдастырылды. «Халифа Алтай» мешітінің Өскемен қаласының орталық алаңына тіккен алты қанат ақ ордасында «Қазақстан-қызғалдақпен алманың отаны» атты көрме өтті. Облыстық әкімдіктің мерекелік комиссиясы облыстық мешіттің тіккен үйінің жасау жиһазының жарасымдылығын және алма мен қызғалдаққа қатысты жасалған көрмесін жоғарғы бағалап, сыйлық табыс етті.

Өкілдіктің арнаулы жоспарымен өңірге қарасты барлық мешіттер де наурыз мейрамын жоғарғы деңгейде өткізді. Халықты қамтыған бірнеше ойындар ұйымдастырды. Арқан тарту, қол күресі, асық ату қатарлы сайыстарға мерекеге жиналған қауым ерекше белсенділікпен қатысты. Жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылды.

Осылайша Өскемен аймағының мешіттері Ұлыстың ұлы күнін ұйымшылдықпен атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk