wrapper

Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық орталық мешітінің» найб имамы Шәмерханұлы Ажы «Алғабас» ауылдық мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу жасады.

ЖАНТ аясында өткен шарада наиб имам оқушыларға жат ағымдардан аулақ болуды ескертіп, зардабы туралы әңгімеледі. Ол сонымен қатар білім алуға құштарлық және ата-анаға құрмет көрсету тақырыбында тұщымды тағылым айтты. Кездесу арасында оқушылар сауалдар қойып, көптеген тың мағлұмат алды.

Мектеп басшылығы наиб имамға шынайы алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің алдағы уақытта да ЖАНТ аясында жасалатындығын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk