wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар секторының» ұйымдастыруымен жастар жылының аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жастар жылына арналған «Елін сүйгеннің еңсесі биік» атты өңірлік семинар болып өтті. Жиынға аудандардың әйел-қыздар секторының жетекшілерімен ұстаздар, әжелер, жастар қатысты.

Шарада ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйлеп, қоғамдағы жастар тәрбиесі, дәстүрлі тәрбиенің жастар мәселесіне әсері, жастарға Исламдағы адамгершілік құндылықтарды насихаттау хақында тұщымды ойларын ортаға салды.

Жиында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин баяндама жасап, ғаламтордың жастар тәрбиесіне ықпалы жайлы ой қозғады. Ол сонымен қатар дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға тоқталды.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар секторының» жетекшісі, ұстаз Талшын Қожахметова: «Біз өкілдіктен жастар арасында «Дәстүр сабақтастығы» мектебін ашып, жастарға салт-санамызды ұлықтау бағытында шаралар жасап жатырмыз. Жастар жылында ұлттық салт-дәстүрімізді дамытып, жастарға ұлағатты тәрбие негіздерін қалдыруымыз керек» деп атап өтіп, жиынға қатысушыларға алғыс білдіріп, тағылымды шаралардың тағы да жалғасын табатындығын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk